«Қазақстан азаматтары аман»: СІМ ресми өкілі Таиландта катердегі жарылысқа қатысты айтты

фото: khaosodenglish.com
Таиландтың Пхукет аралында туристер мінген катер жарылды. Сыртқы істер министрлігі ресми өкілі Айбек Смадияров катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болғанын растады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Катердегі жолаушылардың арасында Қазақстанның 4 азаматы болды. Олардың барлығы дін-аман, Таиландта демалыстарын жалғастыру туралы шешім қабылдады. Екі азаматтың паспорттары өртеніп кетті. Ертең консул оларға уақытша құжаттарды ресімдеп, сонымен Қазақстанға орала алады»,- деді Айбек Смадияров.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:15
Абай облысында жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр

Бүгін, 12:53
Елімізде 18 жасқа толмаған екі қызды некеге мәжбүрлегендерге қатысты қылмыстық іс тіркелді

Бүгін, 10:58
Іздеуде жүрген экс-адвокат ҰҚК-нің қолына түсті

Бүгін, 09:49
Павлодарда сегіз ай бұрын жоғалған ер адамды іздеу әлі жалғасып жатыр