Астанада жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті
13 маусым, 2024
Зарина Сәрсенбайқызы
коллаж Elordainfro.kz
12 маусымда Астанада Есіл өзеніне 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлады Elorda.info.
Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр, - делінген қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратында.
Елордалық құтқарушылар сағат 19:02-де жеткіншектің денесін судан алып шыққан.
Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды