Астанада ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлаған
29 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат
фото: Оңалхан Өнерхан
Астанада ер адам қайырымдылық жәшігін ұрлаған, деп хабарлады Elorda.info.
Ол сенімді әрекет жасап, дүкенге кірісімен күлімсіреп амандасып, арам ойын білдірмеуге тырысқан. Оның аңқылдаған түрін көрген сатушылар науқас балаларға арналған қайырымдылық қорабын ұрлайды деп тіптен ойламаған. Түскен арыздың желісімен тергеушілер 62 жастағы ер адамды анықтады. Оның Астанада осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы Әзілхан Қазиханов.
Белгілі болғандай ер адамның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
ІІМ: Синтетикалық есірткі өндірумен және өткізумен айналысқан топ жойылды
21 қараша, 2024
Ақмола облысында 59 жылқы ұрлаған күдікті ұсталды
20 қараша, 2024
Павлодарда өрт шыққан үйден ер адамның денесі табылды
19 қараша, 2024
Пойызда ішімдік ішкен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды