00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада электронды темекі дүкенін тонағандар ұсталды

Астанада электронды темекі дүкенін тонағандар ұсталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Күдіктілер бірнеше минут ішінде терезені сындырып, құны 1 млн теңгені құрайтын электронды темекілерді алып шыққан, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Олар түн кезінде дүңгіршектің есігін бұзып, дабылдың қатты дауысын елеместен тауарды ұрлап шыққаны бейнекамераларға түсіп қалған. Екі ұры ішке кірсе, үшіншісі дүкеннің сыртында бақылап тұрған. Байқоңыр ауданының тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының барысында ұрлыққа қатысы бар тұлғаларды анықтады. 

Олардың екеуі Тәжікстанның 23 және 30 жастағы азаматы болса, үшіншісі 26 жастағы астаналық болып шықты. Ұсталғандар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған электронды темекілер тәркіленіп, дүкен иесіне қайтарылды, - делінген полицияның ақпаратында. 

Қазіргі уақытта  аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне құнды заттарға мұқият болып, өз нысандарында ұрлықтан қорғаудың қосымша шараларын жүзеге асыруды назарға алуды ұсынады.