Абай облысында жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған қызды көлік қағып, мерт қылды

Фото: Оңалхан Өнерхан
Абай облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен Toyota жүргізушісі ұсталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөлігінің жүргізушісі Бозтаев көшесімен Селевин көшесіне қарай келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған қызды қағып кетті. Қыз оқиға орнында көз жұмды.
«Аталған факті бойынша көлік құралдарын басқару немесе пайдалану ережелерін бұзу, абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған қылмысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.Тергеу барысы Абай облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Ұлытау облысында мектеп бухгалтері 28 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

15 қыркүйек, 2025
Қарағанды облысында дизель отынын ұрлау әрекеті әшкереленді

15 қыркүйек, 2025
Семей орталығында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 қыркүйек, 2025
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері Түркиядан экстрадицияланды