Қаңтар оқиғасында ұрланған қарулар мен полиция жабдықтары табылды

Бүгін, 16:54
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views63
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарулар мен полиция жабдықтары табылды
фото: Оңалхан Өнерхан

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, елімізде 1 қыркүйектен бастап өтіп жатқан республикалық «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 50-ге жуық қару, 500-ден астам оқ-дәрі және алты жарылғыш зат алынды, деп хабарлады Elordаinfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Сонымен қатар қару жасырылған 12 қойма анықталды.

Бұдан бөлек, Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған алты қару мен арнайы полиция жабдықтары тәркіленді. Оның ішінде Калашников автоматы, тапанша, ойық және тегіс ұңғылы мылтықтар, сонымен бірге бронежилеттер мен каскалар бар.

Жандос Батырбековтің айтуынша, 21 мыңнан астам азаматтық қару тексеріліп, 400-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар азаматтар өз еркімен 15 қару тапсырған.

Алматы облысында 5 қыркүйек күні жергілікті тұрғындар ұсталып, Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған арнайы мылтық тәркіленген. Министрлік қаруды заңсыз сақтауға қарсы жұмыс жалғасатынын хабарлады.