Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты

Бүгін, 11:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
views66
Ақтөбе облысында жол апатынан 12 адам қаза тапты
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасынан 12 адам көз жұмып, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 23 қазанда Самара – Шымкент автожолында, Белқопа ауылының маңында DAF жүк көлігі мен «ГАЗель» жолаушылар көлігі соқтығысқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен «ГАЗель» автокөлігінің 10 жолаушысы қаза тапқан, тағы бес адам медициналық мекемеге жеткізілген.

«Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Анықталғандай, «ГАЗель» жолаушылар көлігі ресми түрде Т.Жүргенов ауылынан облыс орталығына жолаушылар тасымалдаумен айналысқан», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.