00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде бір аптада 2,5 мың қылмыс жасалған

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде бір аптада 2,5 мың қылмыс жасалған

Өткен аптада ел аумағында 2514 қылмыс жасалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Алдымен елдегі криминогендік жағдайға тоқталайық. Бір аптада 2514 қылмыс жасалды, оның 1570-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» кісі өлтіруге қатысты – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 2 қылмысты ашты. Сонымен қатар 23 тонау, 351 мүлік ұрлау қылмысы ашылды, – деді Шұғыла Тұрлыбек ведомствода онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ мәліметінше, жасалатын қылмыстардың шамамен 50%-ы – ұрлық фактілері.