Астанада түзеу мекемесіне есірткі затын алып кірмек болған жас жігіт ұсталды
ҚАЖ Департаментінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде мекеме аумағына аяқ киіміне есірткі жасырып кірмек болған 20 жастағы елордалықты ұстады, деп хабарлады Elorda.info.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, күдікті мекеме аумағының өнеркәсіптік аймағында орналасқан зауытқа тапсырыс беруге барған.
Жігіттің әрекеті түрме аумағына кіргізер алдында қызметкелер тексерген кезде әшкере болды.
Тексеру барысында аяқ киімінен политендік пакет табылып, ішінен сұрғылт-жасыл түсті ерекше исі бар зат анықталған. Жүргізілген сараптама жұмыстарының нәтижесінде аталған зат «гашиш» есірткісі болып шықты, - деп атап өтті Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.
Қазір жас жігітке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл әркеті үшін бір жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу жазасы қолдануы мүмкін.