00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада бірнеше ұрлық жасаған ресейлік азамат ұсталды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада бірнеше ұрлық жасаған ресейлік азамат ұсталды

Астаналық полицейлер жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен РФ-ның 40 жастағы азаматын ұстады, деп хабарлады Elorda.info.

Күдікті күндізгі уақытта Өнер академиясында жүргенде құны 140 мың теңге тұратын «Самсунг» маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен. Дәлізде студенттердің заттарын тастап кеткенін байқаған ол зарядтағыштан ұялы телефонды алып, ізін суытқан.

Тағы басқа жағдайда, ер адам тігін шеберханасында дәл осылай құны 150 мың теңге тұратын «ОРРО А-5» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қазіргі уақытта ер адам ұрлықтың 5 эпизодын жасады деп күдіктелуде. Шетелдік азамат ұрланған гаджеттерді белгісіз біреулерге сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған азамат кінәсін мойындады, ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полицейлер азаматтарға қырағы болуға, бейтаныс адамдарға сенбеуге және құнды заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.