Қосшыда жоғалып кеткен алты жасар баланың денесі табылды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қайғылы жағдай 26 тамызда болған. Сағат 21:30 шамасында Қосшы қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан екі сағат бұрын 6 жасар ұлының аулада ойнауға кетіп, сол күйі үйіне оралмағаны туралы хабар түскен.
Аталған мекенжайға бірден полиция басқармасының басшылығы, жеке құрам және жедел-тергеу тобы барды. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі ағынды судың шұңқырынан (септик) табылды, - делінген хабарламада.
Оқиғаны тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.
Ұқсас жаңалықтар