00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада медицина қызметкері лифтіде дәрет сындырған

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада медицина қызметкері лифтіде дәрет сындырған

Елордалық тұрғын үйлердің бірінің тұрғындары басылымға медициналық формадағы әйелдің, лифт кабинасында дәретке отырғаны түсірілген видеоны жіберген.

Оқиға 14 шілдеде болған. Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі тұрғын үйге келген медицина қызметкері лифтке кіріп, 8-қабатты басып, дәрет сындырған, - дейді үй тұрғындарының бірі.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты түсініктеме берді.

Видеодағы медицина қызметкері қалалық емханадағы жылжымалы бригаданың қызметкері. Алайда емхана басшылығының айтуынша, ол 15 шілдеден бері мекемеде жұмыс істемейді. Сондай-ақ, істеген ісіне өкініп, осы тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұрады. Жанжалдың шешілгенін хабарлаймыз, - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.