00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Жанжал кезінде ер адам туған інісін пышақтап өлтірді

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жанжал кезінде ер адам туған інісін пышақтап өлтірді

Жанжал кезінде ағасы інісін өлтіріп алды.

Ақтөбе облысының тумасы азаматтық жұбайымен бірге жалдамалы үйде тұрып жатқан туған ағасына қонаққа барады. Дастарқан басында ағайындылар арасында жанжал туады.

Шақырту бойынша жеткен полиция қызметкерлері оқиға орнынан 41 жастағы ер адамның денесін тапты. Ал екінші ер адам белгісіз бағытта қашып кеткен.

Дабыл бойынша аяғынан тік тұрғызылған іздестіру топтары аумақта іздеу жұмыстарын жүргізді. Жақын маңдағы барлық елді мекендер кезек-кезек тексерілді. Нәтижесінде күдікті көрші ауылдағы көшелердің бірінен табылып, ұсталды, - делінген полиция хабарламасында.

Жәбірленушінің 52 жастағы ағасы қамауға алынды. Оқиға орнынан бірнеше пышақ табылған, олардың бірі қылмыс құралы ретінде тіркелді. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.