00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бойжеткен өзін ер адам ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған (ФОТО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бойжеткен өзін ер адам ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған (ФОТО)

Тергеу барысында ерлер киімін киген бойжеткен өзін Асан деп таныстырып, азаматтардың сеніміне кіргені анықталды. Ол жоғары оқу орындарына грант алуға және қолжетімді баспананы рәсімдеуге көмектесуге уәде берген, сол үшін төлем алып отырған. Сыйақы мөлшері көрсетілген «қызметке» байланысты болған, орташа есеппен 90 мыңнан 800 мың теңгеге дейін. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеге 11 өтініш келіп түсті. Күдіктіге қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды, – дейді Алматы қаласы Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Ақшаны алғаннан кейін күдікті жасырынған. Белгілі болғандай, бұған дейін ол сотты болмаған.

Суреттегі Б. есімді азаматшаның әрекетінен зардап шеккен азаматтар полицияға мына телефон нөмірлері бойынша хабарласа алады: 8-727-227-55-02; 8-702-448-63-37.