00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Полицейлер 22 келі есірткіні сақтаған тұрғынды ұстады (ВИДЕО)

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Полицейлер 22 келі есірткіні сақтаған тұрғынды ұстады (ВИДЕО)

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында Меркі ауданының аумағындағы Қарасу-Қорағаты автожолында жалпы салмағы 21 келі 140 гр болатын “кептірілген марихуана” есірткі затын қапқа салып, атпен тасымалдап бара жатқан 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, УҰИ-ға қамауға алынды.

Күдіктінің айтуынша, ол есірткі затын 2021 жылдың тамыз айында Меркі ауданының құмды аймағында дайындаған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, оған сәйкес үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған, – деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.