«Күтпеген депутаттық сауал»: Ардақ Назаров Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтады
Фото: Parlam.kz
Бүгін Мәжіліс отырысында депутаттық сауал жолдаймын деп сөз алған Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров анасын туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Осында отырған барлық азаматтардың артында әлемнің жарын сыйлаған аналары тұр. Бүгін – менің анашымның туған еді. Анам 70 жасқа толып отыр. Құттықауға рұқсат етсеңіз, қадірлі анашым, сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің мейірімге толы жүрегіңізге және жүзіңізден төгілген нұрға шомылып өстім. Анашым, әкетайым екеуіңіз құстың қос қанатындай мәңгі бірге болып, Құдай бере салған немерелеріңіздің қызығын көріңіздер. Анашым, мен сізді қатты жақсы көремін. Сіздің алдыңызда басымды иемін. Баршаңыздың аналарыңыз аман болсын», - деді депутат.
Ұқсас жаңалықтар
29 қазан, 2025
Парламент жасанды интеллект туралы заң қабылдады
22 қазан, 2025
Әсел Жанәбілова Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды
17 қазан, 2025
Мәжілісте 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қаралады
15 қазан, 2025
Фильмдер арқылы дөрекілік пен көргенсіздікті насихаттап жүрміз – депутат
