Елордада колледж мұғалімдеріне арналған форсайт-сессия өтті

14 мамыр, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Елордада колледж мұғалімдеріне арналған форсайт-сессия өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігінен

Астанада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында педагогикалық мамандар даярлайтын елорданың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Жұмыс беруші серіктес ретінде: білім беру бағдарламаларын әзірлеу арқылы колледждермен өзара іс-қимылдың тиімді модельдері» форсайт-сессиясы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Форсайт-сессияны ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы, М.Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжі.

Іс-шараның мақсаты – жұмысшы мамандықтарды дамыту, колледждердің рөлі және еңбек нарығының талаптары контекстінде болашақ педагогтерді даярлаудың басымдықтары мен міндеттерін талқылау.

Форсайт-сессияға Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Астана халықаралық университеті Педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары мен әлеуметтік серіктестері, «Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі» мекемесі шақырылды.

Форсайт-сессия шеңберінде ашық диалог алаңы; жетекші педагогтердің тәжірибесін тарату; әлеуметтік ортаның сұраныстарын ескере отырып білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту; студенттерді практикалық даярлау бойынша жұмыс берушілермен бірлескен жобаларды әзірлеу; ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою көзделген.