Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Бүгін, 09:26
Айман Нығмет Айман Нығмет
Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлттық кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90жылдық мерейтойына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру.

«Кеш барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар, жазушылар мен ақындар Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында ой бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды», - делінген мәліметте.

Жиын аясында кітапхана қорынан «Тұманбай жыры – өшпес мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, естеліктері, әндер жинағы мен фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.