00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Сенат пен Мәжіліс басшылары құттықтады»: Жүрсін Ерман 73 жасқа толды

12 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Сенат пен Мәжіліс басшылары құттықтады»: Жүрсін Ерман 73 жасқа толды
коллаж Elorda.info

«Сенат пен Мәжіліс басшылары құттықтады»: Жүрсін Ерман 73 жасқа толды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман 73 жасқа толды. Осыған орай, Elorda.info туған күн иесіне хабарласып жеке мерекесімен құттықтады.  

Туған күніңізбен аға, жаңа жасыңыз мол жақсылығымен келсін! 

Рахмет айналайын. Өздерің де аман болыңдар! 

Денсаулығыңыз қалай? Қайда ем алып жатырсыз?

Шамалы жақсарып келемін. Жалпы алғанда жаман емес. Қазір үйде ем-дом қабылдап жатырмын. 

Жыл сайын туған күніңізбен жан жарыңыз Бақытжамал апайдан басқа, кім алғашқы болып құттықтайды?

Балаларым мен келіндерім, немерелерім. Қазір ғана Қарағандыдағы келінім хабарласып, құттықтады. Одан бөлек, Сенат пен Мәжіліс басшылары да ақжарма тілегін білдіріп жатыр. Батырбек, Төлеген деген інілерім де  жылы лебіздерін жолдады. Жақсы сөз қашан да көңілге демеу ғой. Таң атпастан айтылып жатқан сансыз құттықтаулардан жаным жадырап отыр.

Жалпы, туған күнді жылда қалай қарсы аласыз?

Әдеттегідей, жақындарым мен өзге де азаматтардан жылы лебізге толы құттықтауларды қабылдап, жақындарымның жанында өткіземін. Биыл денсаулық жағдайыма байланысты, үйде атап өтеміз. 

Естеріңізге сала кетейік, ақын Жүрсін Ерман 1951 жылы 12 ақпанда бұрынғы Қарағанды облысына қарасты Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында туған. «Жанартау», «Арайлы күн армысың»,  «Екі тізгін бір шылбыр» т.б. сынды бірнеше жыр жинақтар мен 100-ден аса мақаланың авторы.

Ақын өткен жылы Республика күні мерекесі қарсаңында Президент жарлығымен «Отан» орденімен марапатталды. 

Сұхбаттасқан, Дариға Құрманәлі