00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Медиа және туризм форумында 200-ден астам елдің мамандары бас қосады

17 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Медиа және туризм форумында 200-ден астам елдің мамандары бас қосады

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында І халықаралық медиа және туризм форумы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде тұңғыш рет өткізгелі отырған халықаралық форум 2023 жылдың 21-23 шілде аралығында өтеді. 

«Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық ұйымының Алматы облысының әкімдігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Мәдениет және спорт министрлігімен серіктесе отырып ұйымдастыратын шараға елімізден бөлек Ұлыбритания, Швейцария, Аустрия, Бельгия, Германия, Франция, Нидерланд, Молдова, Солтүстік Кипр Түркия республикасы, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан сияқты шет мемлекеттерден 200-ден астам осы саланың мамандары қатысады.    

Форумның мақсаты медиа және туризм саласындағы жаңа үдерістерді ескере отырып, тәжірибе алмасу, ақпарат алмасу кеңістігін кеңейту, өзара тиімді ортақ жобаларды жүзеге асыру, Қазақстанның тарихи-мәдени орындарын шетелдік және отандық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау, журналистер арасындағы ынтымақтастық пен әріптестік байланысты нығайту, - дейді шараны ұйымдастырушы «Түркітілдес журналистер қорының» президенті Нәзия Жоямерген.

Қазақстанда алғаш рет өткізілетін І Медиа және туризм форумға мемлекеттік қызметкерлер, халықаралық және отандық БАҚ басшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, журналистер, баспасөз хатшылары, PR-менеджерлер, туризм саласының мамандары қатысады деп күтілуде.