Димаш Құдайберген Қырғызстанда өнер көрсетеді

Фото: dimashnews.com
Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында 20-22 шілде аралығында «Мейкин Азия» IV халықаралық орындаушылар фестивалі өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Оған Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген арнайы қонақ ретінде шақырылды.
Фестивальге Азия мен Еуропаның 25 елінен орындаушылар қатысады. Ал 2013 жылы өткен алғашқы «Мейкин Азия» фестивалінің жеңімпазы Димаш Құдайберген биылғы шараның ерекше қонағы болмақ.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген 22 шілде күні сахнаға шығады.
Ұқсас жаңалықтар

15 қазан, 2025
Қазақстандық «Бірлік» ансамблі Парижде өнер көрсетті

15 қазан, 2025
«Салтанат» би ансамблі гастрольдік сапармен Петропавлға барады

14 қазан, 2025
Астанада «Гүлдер» ансамблінің жаңа концерті өтеді

14 қазан, 2025
«Астана Балет» театрында екі актілі «Қос кілем» балетінің премьерасы өтеді