Қазақстандық скрипкашы халықаралық байқауда жүлдегер атанды
29 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
Фото: коллаж Elordainfo.kz
Байқауда бірінші орынды Оңтүстік Корея скрипкашысы Анна Им иеленсе, үшінші орынды америкалық Мэтью Хаккарайнен жеңіп алды, хабарлайды Elordainfo.kz.
Айта кету керек, 25 жастағы отандасымыз бірнеше рет ірі халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты және дипломанты атанған. 2022 жылы ол WorldVision-да жеңіске жетті. Руслан Латын Америкасы мен АҚШ елдерінде танымал. Ал Еуропада ол «қазақтың Паганиниі» деген лақап атқа ие.
Өнер иесі Астанадағы ұлттық музыка академиясына 7 жасында қабылданған. Академиядағы оқуын бітірген соң, Мәскеудегі Орталық музыка мектебінде білімін жалғастырды, ал 2021 жылдан бастап Лозан музыка Академиясының (Швейцария) магистранты атанып, аты аңызға айналған скрипкашы Джанин Янсен сыныбында оқиды.
Ұқсас жаңалықтар
23 қараша, 2024
«Бауырына салу» фильмі тағы бір халықаралық марапатқа ие болды
23 қараша, 2024
Астаналықтар Абай шығармашылығына арналған моноопераны тамашалады
22 қараша, 2024
Елордада әлеуметтік жобаларды этикалық тұрғыда қалай жариялау қажеттігі түсіндірілді
21 қараша, 2024
«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі