«Қазақконцерт» әртісі Германиядағы байқауда алтын медальге ие болды
20 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған «Аққу» және Алмат Шамшиев қойған «Ерке бала» атты екі би нөмірін ұсынды.
800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті.
Айта кету керек, Аққанат – Гала-концертте «Халық биі» номинациясы бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған жалғыз өнерпаз.
«TANZOLYMP» фестиваль-байқауы жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық байқаулардың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.
Ұқсас жаңалықтар