Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды
![Торғын Аман](https://elordainfo.kz/assets/img/profile-icon.png)
![Астанада тарихи комикстің алғашқы шығарылымы таныстырылды](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173936237725394789.webp)
«Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Әлихан мен Әйкерімнің саяхаты» тарихи комиксінің алғашқы шығарылымы таныстырылды. Бұл туралы Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен елорданың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, еліміздің әдебиетін оқуға және насихаттауға балалар мен жасөспірімдерді тарту бойынша қазақ батырлары, тарихи оқиғалар, мифология және өзекті трендтер тақырыбында ұлттық сипаты бар балалар комикстерін жасау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Халықаралық тәжірибе негізінде «Бозоқ» музей–қорығы жас оқырмандарға арнап кітап шығарды. Комикс мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылды.
Комикстерді салған суретші – Жапаров Бекен Байзақұлы, «Бозоқ» музей-қорығының дизайнері.
Кітаптың негізгі сюжеттік идеясы ортағасырлық Бозоқ қалашығының археологиялық қазбаларының тарихи мәліметтеріне негізделген.
Іс-шара аясында қатысушылар өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы балалар әдебиетінің маңызын, тарихи-мәдени мұраны насихаттау және балалар білім берудегі жобаларды дамыту перспективаларын талқылады.
![Астанада Мұқағалидың шығармашылығына арналған музыкалық-поэзиялық кеш өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173891329640648992.webp)
![Дара дауыс. Қазақстандағы контртенор әнші жайлы не білеміз](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173890687440568314.webp)
![Төлен Тілеубайдың «Түлкілітаудың аспаны» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173885323538637583.webp)
![Астанада Дархан Қыдырәлінің жаңа тарихи кітаптарының таныстырылымы өтті](https://elordainfo.kz/uploads/resized-images/2025/02/173884384224312642.webp)