Астанада қостанайлық өнерпаздардың мерекелік концерті өтеді


1 наурыз – Алғыс айту күні Қостанай облысы Жангелдин ауданының өнерпаздары Астана тұрғындары мен қала қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйламақ, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Елордадағы «Жастар» сарайында «Торғайдан сәлем» атты концерт өтеді.
Концерттік бағдарламада Қонысбай Әбіл атындағы «Ғасырлар пернесі» халық ансамблі, «Еркеназ» би ансамблі, «Балқадиша» жетігеншілер тобы, бірқатар облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты Жоламановтар отбасылық ансамблі де өнер көрсетеді.
Концертке ардагер өнерпаздар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, сазгер Бақытжан Сәуекенов пен әнші Бақыткүл Ахатова қатысады.
Сонымен бірге көрермендер Фариза Бүркітбай, Байдос Қожасағиев, Жәуке Оңдаған, Дилара Қарекенова, Талғат Сапабеков, Серік Алпысов, Серікболсын Әбікенов, Мирас Әбдікәрім және Асхат пен Дидар, Қанат пен Әсем дуэттерінің өнерін тамашалай алады.