Астанада «Музей түнінде» қандай іс-шаралар ұйымдастырылады


Астанада 18 мамырда сағат 18:00-ден түнгі 00:00-ге дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі мен елорда әкімдігінің қолдауымен Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күніне арналған дәстүрлі «Музей түні – 2025» мәдени-танымдық акциясы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Өткен мен бүгіннің, дәстүр мен жаңашылдықтың, тарих пен заманауи мәдениеттің тоғысынан құралған бұл кеш мазмұны мен формасы жағынан ерекше әрі жаңашыл бағдарламасымен ерекшеленеді. Музей кеңістігі түрлі интерактивтерге, танымдық экскурсияларға, креативті шеберлік сабақтарына, ғылыми дәрістерге, көркем перформанстармен, әр жастағы аудиторияға арналған мәдени шаралармен және концерттік қойылымдармен толығады.
Бағдарлама барысында Ұлттық музейдің жобалары аясындағы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Балдырған гид» жобасы, «Мирас» үйірмесінің экскурсиялары және «Күміс жас» жобасы шеңберіндегі белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысуымен өтетін экскурсиялар ұйымдастырылады. «Жәдігерлер сөйлейді» театрландырылған экскурсия аясында Алтын адам мен ежелгі ханшайымдардың бейнесіндегі кейіпкерлер көрерменді тарихи әлемге жетелейді.
Сондай-ақ келушілер үшін ежелгі әуендерді заманауи ритмдермен біріктіріп, қазақ мәдениетінің атмосферасына толықтай бойлауға мүмкіндік беретін «Дала әуендері» атты этно-DJ-сет және танымал тележүргізушілер қатысатын «Жұлдызды гид» шоу-жобасы ұйымдастырылады.
XVIII-XIX ғасырдың шетелдік графикалық өнер шеберлері жасаған гравюра өнері туындылары арқылы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының бірегейлігін көрсететін «Ұлы дала. Тарих. Гравюра» көрмесі, сондай-ақ Ұлттық музей қорындағы құнды жәдігерлер негізінде жасақталған «Асыл мұра» көрмесі ашылып, халқымыздың рухани-мәдени қазынасын кеңінен таныстыруға жол ашады.
«Қолөнершілер жәрмеңкесі» мен зергерлік бұйымдар, керамика, мата, кілем және киіз бұйымдарын қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтары өткізіліп, келушілер дәстүрлі қолөнердің нәзік қырларымен таныса алады. «Өнерге қол жеткізу» шеберлік сағаты арқылы музей қонақтары бейнелеу өнерінің қыр-сырымен жақын танысуға мүмкіндік алады.
«Дана» жобасы аясында ұйымдастырылатын «Жан біткен жәдігерлер» квест-сабағы мен «Музейдегі түн» квест-ойыны келушілерге экспонаттармен өзара әрекеттесе отырып, тарихи жұмбақтарды шешу, өнер мен мәдениетке жаңаша көзқараспен қарау мүмкіндігін ұсынады.
Кештің мәдени бағдарламасы симфониялық және үрмелі аспаптар оркестрінің, цирк әртістері мен би ансамблінің қатысуымен өтетін әсерлі концертпен жалғасады. Концерттік бағдарлама аясында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық және үрмелі аспаптар оркестрі, Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасына Бірлескен мұражайлар дирекциясына қарасты Ұлттық өнер мұражай бөлімі және Joshy Qazaq National Group этно-фольклорлық ансамблі, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі өз өнерлерін ұсынады.
«Музей түні» акциясы ҚР Ұлттық музейінде дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылып келеді.
Халықаралық музейлер күніне арналған
«Музей түні» акциясының
бАҒДАРЛАМАСЫ
Өткізілетін орны: ҚР Ұлттық музейі
|
|
Өткізілу уақыты: 18 мамыр 2025 ж. сағ.10:00-00:00 |
||
Музей күні – 10:00-18:00 |
||||
10:00-11:00 |
«Балдырған гид» шолу экскурсиялар |
Атриум, музей залдары |
||
15:00-15:45 |
«Жан біткен жәдігерлер» квест сабағы |
Музей залдары |
||
16:00-17:00 |
«Күміс жас» жобасы қатысушыларының экскурсиясы |
Музей залдары |
||
16:00-18:00 |
«Өнерге қол жеткізу» шеберлік сағаты |
№1 Бейнелеу өнері залы |
||
17:00-18:00 |
«Мирас» үйірмесі қатысушыларының экскурсиясы |
Музей залдары
|
||
Концерттік бағдарлама – 18:00-21:00
|
||||
18:00-18:30 |
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның Қ. Жұмакенов атындағы үрмелі аспаптар оркестрі |
ҚР Ұлттық музейінің алдындағы орталық алаң |
||
18:30-19:00 |
Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы Бірлескен мұражайлар дирекциясына қарасты Ұлттық өнер мұражайының JOSHY QAZAQ ETHNO GROUP көрсетілімі |
ҚР Ұлттық музейінің алдындағы орталық алаң |
||
18:00-19:00 |
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрі |
Атриум |
||
19:00-19:30 |
Мерекелік шараның салтанатты ашылу рәсімі |
Атриум |
||
19:30-21:00 |
Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерттік бағдарламасы |
Атриум |
||
Музей залдары бойынша өтетін іс-шаралар – 18:00-00:00 |
||||
18:00-00:00 |
«Қолөнершілер жәрмеңкесі» |
Қолөнершілер орталығы |
||
18:00-22:00 |
Консервация және қалпына келтіру қызметінің шеберлік сабақтары |
3, 4 қабаттардағы холл |
||
18:00-20:00 |
«Өнерге қол жеткізу» шеберлік сағаты |
№1 Бейнелеу өнері залы |
||
19:00-23:00 |
«Музейдегі түн» квест-ойыны |
Музей залдары |
||
19:00-00:00 |
«Ұлы дала. Тарих. Гравюра» көрмесі |
Уақытша көрме залы (6 қабат) |
||
20:00-21:00 |
«Астаналық цирк» әртістерінің қойылымы |
№1 Бейнелеу өнері залы |
||
20:00-21:30 |
«Жұлдызды гид» жобасы |
Музей залдары |
||
20:00-22:00 |
Ғылыми дәрістер |
Музей залдары |
||
20:30-22:00 |
«Дала әуендері» этно-DJ-сет |
Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залы |
||
21:00-22:00 |
Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «ГҮЛДЕР» ансамблінің перформансы |
№1 Бейнелеу өнері залы |
||
21:00-22:00 |
Астана қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасы Бірлескен мұражайлар дирекциясына қарасты Ұлттық өнер мұражайының JOSHY QAZAQ ETHNO GROUP шеберлік сағаты |
№2 Бейнелеу өнері залы |
||
22:00-22:30 22:45-23:15 |
«Жәдігерлер сөйлейді» театрландырылған экскурсиясы
|
Ұлы Даланың ежелгі өнері және технологиялары залы |
||
22:00-23:00 |
Р. Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «ГҮЛДЕР» ансамблінің шеберлік сағаты |
№2 Бейнелеу өнері залы |
||
23:00-23:30 |
«Дала әуендері» этно-DJ-сет |
Атриум |
||
23:30-00:00 |
Шараның аяқталуы |
Атриум |
||



