«Астана Опера» жаңа маусымды «Абай» операсымен ашты

Бүгін, 14:32
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views65
«Астана Опера» жаңа маусымды «Абай» операсымен ашты
Фото: «Астана Опера» театрынан

«Астана Операда» XIII театр маусымы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Алғашқы спектакль М.Әуезовтің либреттосына А.Жұбанов пен Л.Хамидидің ұлттық опера өнеріндегі шоқтығы биік «Абай» операсы болды.

Кеште көрермен театрдың бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың жетекшілігіндегі шығармашылық ұжым – опера солистері, хор, балет және миманспен, симфониялық оркестрмен кездесті.

Жаңа маусым мазмұнды болады деген сенім мол. Репертуарға көптен күткен премьералар қосылады, олардың қатарында Джузеппе Вердидің мәңгі өшпес жауһары «Риголетто» бар, оның премьерасы осы күзде өтеді. Жыл соңында көрермендер Тілеуғазы Бейсембектің либреттосына С.Әбдінұров пен Ә.Әбдінұровтың «Қыпшақ қызы Аппақ» қойылымын алғаш рет тамашалайды.

Ауқымды премьералардан бөлек, театр жас дарындарды қолдауға, елімізде, шет елдерде мәдени диалогты дамытуға бағытталған іс-шараларға көңіл бөлуді жалғастырады.