00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Димаш Құдайбергеннің мінезі қандай екені белгілі болды (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Димаш Құдайбергеннің мінезі қандай екені белгілі болды (ВИДЕО)

Еліміздің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Димаштың мінезі қандай екенін айтты, деп жазады Elorda.info Qazaqstan телеарнасының «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ол Димаш алған бетінен қайтпайтынын жеткізді. 

Үйде бала - бала болады ғой. Димаш, жалпы біздің үйдің үш баласы да әлі күнге менің әке-шешемнің ортасына барып, мауқын басып, еркелей кетеді. Димаш үйде ата-анаға бала бола біледі. Қарындасы мен інісіне аға бола біледі. Ақыл сұрайтын кездері де аз емес. Өзінің ойын ортаға салатын кезі де болады. Димаштың жасы біразға келгеннен кейін әртүрлі тақырыпта әңгіме айтамыз. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерге өз қынжылысын айтып отырады. Нағашы әжем «Баланың өзін туғанмен, мінезін тумайсың» деп айтып отыратын. Біздің үйдің үш баласының мінезі үш түрлі. Димаш алған бетінен қайтпайды. Сосын ешқашан жасып қалмайды. Оның алға қойған мақсаты, жүрегіндегі сенімі бар. Ортаға салады, біз пікірімізді айтамыз. Бірақ шешімді қабылдайды. Өйткені азамат қой, - деді Қанат Айтпаев.