Елімізде «Төтенше жағдай» телехикаясы түсірілді
Қазақстанда алғаш рет құтқарушылар туралы телехикая түсірілді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Телехикаяны Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін арттыру мақсатында түсірген.
Алматы қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаның түсіріліміне отандық киноматография актерлері, ТЖД, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тартылды.
Сюжет бойынша табысты кәсіпкер інісінің баласы Асланды тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласының ТЖ департаментіне жұмысқа орналастырады. ТЖД қызметінде Аслан Төтенше жағдайларды жою басқармасы командасының құрамына кіреді. Ол кезекшілікке түседі, өрт сөндіреді, адамдарды құтқарады, сонымен бірге, ұжыммен достасуға тырысады. Уақыт өте келе Аслан құтқарушының жұмысы ойлағандай оңай емес екенін және әріптестерінің құрметіне ие болуға тырыса бастайды.
Алматы қаласы ТЖД қызметінің басымдылығы азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүлкін төтенше жағдайлардан қорғау болып табылады. Сонымен қатар, профилактикалық іс - шаралардың сапасы, ТЖ уақтылы жою, оның тиімділігіне материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етудің жиынтығымен қол жеткізу маңызды рөл атқарады,- деп хабарлады қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі.