00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Көз жанарынан айырылған қазақ әншісі ресейліктерді таңғалдырды (ВИДЕО)

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Көз жанарынан айырылған қазақ әншісі ресейліктерді таңғалдырды (ВИДЕО)

Қарағандылық әнші әрі музыкант Кенжебек Нұрдолдай танымал ресейлік тележүргізуші Андрей Малаховтың «Песни от всей души» бағдарламасына қатысып, қалың көпшілікке өз өнерін паш етті. Көрермендер көз жанарынан айырылған қазақ баласының ән айту шеберлігіне тәнті болған, деп хабарлады Elorda.info.

NUR.KZ-тің жазуынша, ол Ақмола облысында дүниеге келген. Музыканттың көзі туғанынан көрмейді. Ол жеті жасынан бастап көру қабілетінде ақауы бар балаларға арналған қарағандылық интернатта тәрбиеленіп, сол жерден музыканы үйренген. Кенжебек алғаш рет үлкен сахнаға 13 жасында шыққан. Ол мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жұлдызай» фестивалінде өнер көрсеткен.

Кенжебек Нұрдолдай бүгінде әншілігін барынша дамытып, әлеуметтік желіде өз видеоларын көптеп бөлісуде. Солардың бірі Андрей Малаховтың назарына іліккен көрінеді. «Песни от души» бағдарламасының редакциясы бірден қазақ баласымен байланысқа шығып, оны түсірілімге Мәскеуге шақырған. Қарағандылық музыкант бұл мүмкіндіктен бас тартпай, Ресей астанасында өз өнерін паш етті. Барша көрермендер оның ән айту шеберлігіне тәнті болған.