00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жас қаламгерлерге арналған президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жас қаламгерлерге арналған президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тиісті жарлығының жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.

Президенттік сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша беріледі. Ол 18-29 жас аралығындағы ел азаматтарына бұрын-соңды жарық көрмеген шығармалары үшін табысталады.

Сондай-ақ, депутаттық сауалға жауапта биыл республикалық деңгейде «Үздік шығарма», «Жылдың үздік кітабы» байқаулары өтетіні жазылған.

Былтыр кітап оқуды дәріптеуге бағытталған үшжылдық жалпыреспубликалық жоспар қабылданып, оның шеңберінде 2021 жылғы желтоқсанда DanaBala балалар әдебиеті сайты іске қосылды. Сайтта өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жарыққа шыққан қазақ қаламгерлерінің 22 кітабының электрондық нұсқасы жарияланған. Сондай-ақ, порталға отандық балалар қаламгерлерінің және шетелдік ақын-жазушылардың 200-ге тарта шығармалары жүктелген, – делінген жауап мәтінінде.