Анкарада айтыс өтеді
Сөз додасына Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстанның айтыскер ақындары қатысады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымындағы өкілі Бақытжан Омар хабарлады.
– Айтысқа халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Анкараның Этимесгут ауданы қолдау көрсетіп отыр. Айтыс Түркі елдері Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады. Айтысқа Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан жалпы саны 10 айтыскер қатысады. Олардың ішінде қазақстандық ақындар Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Бекарыс Нұриманов, Айбек Қалиев және Әсем Ережеқызы бар. Әзербайжаннан Рамин Караев, Қырғызстаннан Азамат Болғанбаев, Өзбекстаннан Бахтияр Артықов, Түркиядан Темел Тураби мен Мұстафа Айдын сынға түседі, – деді ол.