00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Отандық дизайнер Айдана Омарова италиялық көрсетілімге қатысты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Отандық дизайнер Айдана Омарова италиялық көрсетілімге қатысты

Миландағы сән апталығында «Omabell.kz» және «Aydana Omarova Couture»бірге  коллаборация жасаған туындысын көрсетті.

Дизайнер бұл сапары туралы: «Шақырту алған уақыттан бері  бұл туындыларды ерте дайындап қойғанбыз. Дегенмен біздің бұл сапарға шығуымыз белгісіз болды. Себебі біз Визаны күттік. Құжат дайын болған күні таңертең билет сатып алып, түнде ұшып кеттім»,- деп бөлісті.

Көрсетілімде италиялық дизайнерлер Айдананың жұмысын жоғары дәрежеде бағалаған. Тіпті италиялық танымал актриса Гуэнда Гориа туындыны ұнатып, сол көрсетілімде киіп шыққан.