00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президенттің саяси реформалары қоғамды сапалы өзгерістерге бастайды – қоғам қайраткері

Президенттің саяси реформалары қоғамды сапалы өзгерістерге бастайды – қоғам қайраткері

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші отырысында  сөйлеген сөзінде соңғы бір жылда саяси билік институттарын жаңарту процесінің жүзеге асырылғанын, енді Әділетті Қазақстан құру үшін нақты жұмыстар жасалуы керектігін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл пікірді экс-сенатор, қоғам қайраткері Ләззат Сүлеймен білдірді.  

Жаңа сайланған депутаттардың биік жауапкершілігі мен халықтың үмітін ақтауы тиіс екендігі, сайлау науқанында халық айтқан барлық ұсыныс-пікірлер зерделеніп, тиісті шешімдерге ықпал ететініне көңіл бөлінуі, Жолдаудың мықты тұсы болды деп ойлаймын.

Мәжіліске сайланған алты партияның, оның ішінде Парламент қабырғасына кіруге көптеген жыл таласып, бірінші рет мандаттар алған оппозициялық партияның, жаңа партияның да қызметінен үлкен үміт күтілетіні айтылды, - деді ол.

Ләззат Сүлейменнің айтуынша, елдің өндірістік әлеуеті, шалғай ауылдардың инфраструктуралық дамуы, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қоғам үшін аса маңызды.

Әсіресе, Жолдауда айтылған, елдің ішкі сұранысын өтеуге қатысты нақты концепция, ішкі нарыққа бағытталған өңдеу өнеркәсібін қалыптастыру, ауылшаруашылық кооперациясын дамыту - бүгінгі қиын экономикалық жағдайда отырған халыққа көмек болмақ.

Сонымен қатар Қ.К. Тоқаев мемлекет дамуына ойы озық, білімді жастар келуі керек, өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе, олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс екендігіне тағы назар аударғаны жастар әлеуетін, адам капиталын дамытуға мемлекет ең алдымен көңіл бөлетінін көрсетеді. Ол депутаттыққа келген құрамнан байқалып тұр. «Жас келсе, іске!» деген қанатты сөз қоғамымыздың сапалы өзгерістеріне, халықтың әл-ауқатын жақсартудың бастамашысы болмақ, - деп сөзін түйіндеді ол.