00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Біз үлкен өзгерістер дәуіріне қадам бастық – ғалым

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Біз үлкен өзгерістер дәуіріне қадам бастық – ғалым

Жаңа Қазақстан нені білдіреді? Бұл тек мемлекеттік аппаратты жаңарту ғана емес. Бұл, ең алдымен, қоғамдық құндылықтарды қайта жүктеу. Радикализмнен, экстремалды көзқарастар мен әрекеттерден бас тарту, шығармашылық мотивті нығайту. Қоғамдағы барлық кемшіліктерді жеңу. Президент «Жаңа Қазақстан» үндеуінде алдағы уақытта назар аударылатын өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешуге міндетті жауапты үкімет мүшелері мен ведомостволарға нақты тапсырма берді. Әсіресе қоғамда белең алып жатқан келеңсіздіктерді айта келе, елімізде жүйелі түрде реформа жасау қажет екенін баса айтты. Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдарының жұмысына шұғыл түзету енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, төтенше жағдай кезінде үйлестірілген іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында құқық қорғау жүйесін толық жаңғырту және қайта құрылымдау қажет. Сондай-ақ жаңа құрылған үкіметке елдің экономикасын, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, жұмыссыздықты азайту мақсатында жаңа өндіріс орындарын ашу, мамандар даярлайтын білім беру жүйесін кәсіпорындардағы сұраныстармен үйлестіру, ауылдық жерлерде спорт кешендерін салу, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты көп жылдан бері шешімін таппай келе жатқан, елдің көкейінде жүрген өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу тапсырылды.

Әсіресеғ менің көңілімнен шыққаны – білім беру саласына қатысты берген тапсырмалары. Президент өз үндеуінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім – мектептің жүрегі» деген ойын негіз етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қоғамда мұғалімдердің, оқытушылардың үлесі зор екенін қадап айтты. Мұғалімдер өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарап, білім берумен қатар, тәлім-тәрбиелік жұмыстар жүргізуі қажет. Шалғай елді мекендерге білікті педагогтарды жіберіп, оларды елге тартудың арнайы бағдарламасын жасау қажет деп ой түйді: «Мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге үздік педагогтарды тартудың  арнайы қолдау пакеттері бар арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Халық тығыз  орналасқан өңірлердің жастарына гранттар бөлуге ерекше назар аудару керек. Бізге білімге деген көзқарасты өзгерту қажет. Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды екені сөзсіз. Бұл – бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді  материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес», – деп тұжырымдады.

Қорыта айтқанда, барша қазақстандықтарды Президентіміздің төңірегіне топтасып, әрбір шешіміне қолдау көрсетуге шақырамын. «Күшіміз – бірлікте» деген аталы сөзді жадымызға сіңіріп, бір болайық, бірге болайық! Себебі, біз шынымен де үлкен өзгерістер дәуіріне аяқ бастық, барлығы өз қолымызда екенін түсінентін кез келді. Менің ойымша, бұл туралы еліміздің әрбір азаматы ойлануы керек.

Бауыржан Иманғалиев,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының кафедра меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты,

доцент