Премьер-министр жолдарды мобильді байланыспен қамту қарқынын жеделдетуді тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жол қауіпсіздігі мәселесіне қатысты автожолдарды сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.
«Тағы бір мәселе – қала сыртындағы жолдарда мобильді байланыстың нашар болуы. Біз бұл туралы көптен бері айтып келеміз, бірақ еш нәтиже жоқ. Мәселен, «Алматы – Бішкек», «Алматы – Талдықорған» жолдарының интернетпен қамтылғанына қарамастан, көлік жүргізушілері ұялы байланыс пен интернет ұстамайтын аймақтардың бар екенін айтып, жиі шағымданады. Жол апаттары кезінде зардап шеккендер көмек қызметтерін шақырта алмайды. Цифрландыру министрлігі жолдарды мобилді байланыспен қамту қарқынын жеделдетуі қажет», - деп атап өтті Олжас Бектенов.



