Олжас Бектенов Үкіметте жолдардағы жағдай туралы айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қарау барысында жыл басынан бері азаматтардан жол қозғалысына қатысты 30 мыңнан астам өтініш келіп түскенін атап өтті. Сонымен қатар заңнамалық қатаң шаралардың қабылданғанына қарамастан, жыл өткен сайын көлік жүргізу және жолды кесіп өту мәдениеті төмен күйінде қалып отыр. Жауапқа тартылған жүргізушілердің саны артуда, алайда жағдайдың түзелгені байқалмайды, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Премьер-министр жолаушылар тасымалын бақылау бойынша да тиімді тетік жоқ назар аударды. Сонымен қатар қала ішіндегі және қалааралық бағыттардың бәріне қатысты. Өңірлерде жолға шыққан балаларды арнайы көлікпен алып жүру ережесі сақталмайды. Өткен аптада ғана Алматы облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады.
Жексенбіге қараған түннің өзінде жол апаттарының салдарынан Қарағанды облысында 5 адам, Жетісу облысында 10 адам қаза тапты. Соңғы жағдайда апатқа кінәлі адам әлі жүргізуші куәлігін де алмаған болып шықты.
«Президент заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік және жазаның бұлтартпас қағидатын сақтау міндетін қойды. Осы бағытта, әсіресе, жол апаттарының деңгейін төмендету бойынша нақты шаралар қабылдау қажет. Ішкі істер министрлігі тарапынан айтылған ұсыныстарды қолдаймыз. Оларды іске асыруға барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері тартылуы тиіс», - деп атап өтті Премьер-министр.



