00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Джиу-джитсудан Азия чемпионатында қазақстандықтар сегіз медаль жеңіп алды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Джиу-джитсудан Азия чемпионатында қазақстандықтар сегіз медаль жеңіп алды

Бангкок қаласында (Таиланд) джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасында 7-ші Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Әлем чемпионатында еліміздің туы сегіз мәрте көтерілді. Самат Сәрсенұлы (56 келі), Әбу-Бәкір Жәнібек (62 келі) және Руслан Кенжеғара (69 келі) Азия чемпионы атанды. Жеңіс Нұрлыбаев (56 келі), Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (69 келі) және Жандос Нұрмұханбетов (85 келі) Азия турнирінің күміс жүлдегерлері деп танылды. Қола жүлделерді Бекзат Баймұратов (77 келі) пен Лев Винс (94 келі) жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы қазір медальдар бойынша жалпыкомандалық есепте екінші орында.

Турнир 28 ақпанға дейін жалғасады.