00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде 83 мыңнан астам қыз бала папилломасы вирусына қарсы вакцина алды

Елімізде 83 мыңнан астам қыз бала папилломасы вирусына қарсы вакцина алды
фото: freepik.com

Бүгінгі таңда Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы 83,7 мыңнан астам қызға егілді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Инфекциялық және онкологиялық аурулар профилактикасының ұлттық бағдарламасының шеңберінде қазан айында қыздарды адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау бойынша ауқымды науқан басталды.

АПВ - бұл жатыр мойны обырын қоса алғанда, бір қатар онкологиялық аурулардың дамуымен байланысты ең көп таралған вирустардың бірі.
Қазақстанда жатыр мойны обыры (ЖМО) барлық жастағы әйелдердің арасында сүт безі обырынан кейінгі екінші және фертилдік жастағы (25-44 жас) әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады.

Ұлттық канцер-тіркелімнің деректері бойынша Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 2000-ға жуық жағдайы анықталады, 600-ден астам әйелдің өмірін сақтап қалу мүмкін емес. ҚазОРҒЗИ зерттеуінің нәтижелері бойынша жатыр мойны обырының 74,2% жағдайында биопсиялық материалда адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 онкогендік түрлері анықталды.

«Қазақстанда екпелер мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Ата-аналардың өтініші бойынша вакцинациялау тіркелген жері бойынша емханаларда да жүргізілуі мүмкін. Вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін теріс жағдайлар тіркелген жоқ. Жатыр мойнының обыралды зақымдануын төмендетуде вакцинацияның жоғары тиімділігі АҚШ, Аустралия, Канада, Дания, Ирландия, Швеция, Финляндия, Жаңа Зеландия, Шотландия және т. б. сияқты елдерде көрсетілді»,- деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.