Үш қазақстандық гимнаст әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
11 сәуір, 2025


Фото: olympic.kz
Осиекте (Хорватия) спорттық гимнастикадан әлем кубогының кезеңі басталды. Бірінші күнгі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының үш өкілі финалға шықты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Нариман Құрбанов ат снарядындағы іріктеу кезеңін бірінші нәтижемен аяқтап, 14 566 ұпай жинады. Осы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов 14 300 ұпаймен алтыншы орынға ие болып, ол да финалға жолдама алды.
Еркін жаттығуларда Милад Карими медаль үшін күреседі. Ол іріктеу кезеңінде 13 866 ұпай жинады.
Айта кетейік, 11 сәуірде Карими кермедегі жаттығуда финалға жолдама алу үшін бақ сынайды. Ал, Асан Сәлімов тіреуішпен секіру жаттығуында өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады