Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
13 сәуір, 2025


Фото: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нариман Құрбанов Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Гимнаст ат снарядындағы жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, шешуші бағдарламада 14.233 ұпай жинады. Осы нәтижемен Құрбанов әлем кубогы кезеңін үшінші орынмен аяқтады.
Дәл осы бағдарламада Зейнолла Ыдырысов сегізінші орынға тұрақтады.
Ал алтын медальді армениялық Гамлет Манукян (14.633 ұпай) жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлық Тянлун Гаоға бұйырды – 14.400 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін Милад Карими еркін жаттығу бағдарламасы бойынша үшінші орын алған болатын. Ол бүгін кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында өнер көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстандық төрешілер 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының төрешілер құрамына үміткер болды

4 тамыз, 2025
Президент кубогы: Астанада теннистен ITF турнирі өтіп жатыр

4 тамыз, 2025
«Барыс» хоккей клубына жаңа бас бапкер тағайындалды

4 тамыз, 2025
Қазақстан ТМД елдерінің әскери-спорттық ойындарына қатысады