«Отыздан асып барамын» фильмінің режиссері Қуаныш Бейсек ажырасқанын айтты
18 наурыз, 2025


фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан
Режиссер Қуаныш Бейсек өзінің Instagram парақшасында актриса Газиза-Таншолпан Тлеубаймен ресми түрде ажырасқанын жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«@qazizaaz екеуміз бұл туралы бірге хабарлағымыз келеді: біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен біз дос болып қаламыз және қызымыздың ата-анасы ретінде бірге боламыз», – деп жазды режиссер.
Газиза да бұрынғы күйеуінің жазбасын бөлісіп, оған былай деп жазды:
«Баршаңызға қайырлы түн! Осы мүмкіндікті пайдаланып (кенеттен жарияланған сторис арқасында), біздің парақшаларымызға жазылуларыңызды сұраймыз»,- деп жазды актриса.

Қазіргі таңда ажырасудың нақты себебі белгісіз. Қуаныш та, Газиза да бұл туралы қосымша түсініктеме берген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстанда танымал әнші Шакираның концерті өтуі мүмкін

4 тамыз, 2025
«Ертегі айтатын апайлар сияқты»: Мөлдір Мұқанова елдің сынына ұшырады

4 тамыз, 2025
«Бұл – алаяқтық»: Нұрлан имам онлайн дем салатындарды сынады

4 тамыз, 2025
«Үлкен сабақ болды»: Мешіттегі оқиғада қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісов халықтан кешірім сұрады