Баян Алагөзова елордада өтетін Дженнифер Лопестің концертіне қатысты ойын айтты
9 сәуір, 2025


Фото: видеодан скрин, youtube/ Aissaule Bakytbek-Kaidarova
Танымал продюсер Баян Алагөзова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әлем жұлдызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Радикалды хейтерлер мен дәстүрлі көзқарастағы адамдардың реакциясын күтіп отырмын. Ұят қайда? Бізге мұндай болмайды? А класындағы жұлдыз! Уау! Біз дұрыс жолда екенбіз! Жоғары профиссионализм, харизма, талант және ашықтық. Онсыз болмайды. Ол Джей Ло емес пе?!» ,- деп жазды Баян Алагөзова.
Айта кетейік, Дженнифер Лопес осы жазда «Up all night» әлемдік турын 17 қалада өткізеді. Ал оның елордадағы концерті 1 тамыз күні «Астана Аренада» өткізу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Қазақстанда танымал әнші Шакираның концерті өтуі мүмкін

4 тамыз, 2025
«Ертегі айтатын апайлар сияқты»: Мөлдір Мұқанова елдің сынына ұшырады

4 тамыз, 2025
«Бұл – алаяқтық»: Нұрлан имам онлайн дем салатындарды сынады

4 тамыз, 2025
«Үлкен сабақ болды»: Мешіттегі оқиғада қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісов халықтан кешірім сұрады