Полицейлер 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
6 қаңтар, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
Қостанай облысының полициясы 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қостанай облысының полиция басқармасына жергілікті тұрғын Юлия Хан жүгініп, жоғалған әкесін табуға көмек сұрады.
«Александр Хан 1995 жылы шетелге тұрақты тұруға кеткен. Түрлі себеппен туыстарымен байланысын жалғастыра алмаған. Көші-қон қызметі мамандарының кәсіби және үйлесімді әрекетінің арқасында оның Францияда ұзақ жыл тұрғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, өткен жылы облыстық полиция департаментіне туысын жоғалтқандар туралы 110 өтініш түскен, оның 85-і табылған.
Ұқсас жаңалықтар

10 шілде, 2025
Қазақстанда «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы байқауына құжат қабылдау жүріп жатыр

3 шілде, 2025
Робокэш.кз (Zaimer.kz) МҚҰ «Таза Қазақстан» ұлттық қозғалысын қолдады

25 сәуір, 2025
Қазақстанда 265 пана іздеуші және 301 босқын бар

25 сәуір, 2025
Биыл қандас мәртебесін қанша этникалық қазақ алды