Арқалық әуежайы IATA халықаралық кодын қайтарып алды
Мемлекет басшысының Арқалық қаласының әуежайын реконструкциялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Көлік министрлігі әуежайға IATA кодын беру бойынша тиісті жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 тамызда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Арқалық әуежайына үш әріптен тұратын AYK ресми кодын берді.
Аталған код бірегей және Арқалық әуежайын әлемдік брондау және әуе билетін рәсімдеу жүйесіне, рейстер кестесіне, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы басқа да жаһандық ақпараттық жүйелерге интеграциялауға мүмкіндік береді.
Айта кетерлігі, бұл код бұған дейін Арқалық қаласының әуежайында қолданылған және қазіргі уақытта қалпына келтірілді.
Еске сала кетсек, Cathay Pacific Cargo Астана халықаралық әуежайы арқылы тұрақты жүк рейстерін іске қосты.