Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты
12 ақпан, 2025


Фото: Оңалхан Өнерхан
2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген аймақтар:
- Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);
- Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);
- Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);
- Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);
- Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).
Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Ұқсас жаңалықтар

4 тамыз, 2025
Ұлттық қор қаражатын қайтарудың жаңа тәртібі қабылданды

1 тамыз, 2025
2024 жылы Қазақстанның экономикасы 5 пайызға өсті

31 шілде, 2025
Бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант алуға өтінім қабылдау басталады

30 шілде, 2025
2025 жылы әлемдік экономика көрсеткіші 3% артады - Халықаралық валюта қоры