Маңғыстауда сирек кездесетін соғды қызғалдағы гүлдеді
9 сәуір, 2025


Фото: t.me/mangystau_news
Маңғыстау даласында «Қызыл кітапқа» енген сирек кездесетін, құмда өсетін соғды қызғалдағы гүлдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Маңғыстау облысының Қоғамдық коммуникациялық қызметіне сілтеме жасап.
Соғды қызғалдағы – жойылып кету қаупі бар, климатқа төзімді өсімдік. Ол тек Қызылқұм, Қарақұм және Маңғыстау аймағының құмды әрі тасты шөлдерінде өседі.
Наурыз-сәуір айларында гүлдейді және биіктігі 10-25 сантиметрге дейін жетеді.
Жасыл желекке оранған Маңғыстаудың кең даласы көпшіліктің назарын аударған. Мамандар сирек кездесетін қызғалдақты жұлмауға, сырттай ғана тамсануға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар

25 шілде, 2025
Экология министрлігі Өзбекстанға киік беруге қатысты мәлімдеме жасады

25 шілде, 2025
Каспий маңы мемлекеттерінің батыл үйлестірілген іс-қимылы қажет – Бектенов

16 шілде, 2025
«Таза Қазақстан»: 54 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды

10 шілде, 2025
Қызылордада жылдық қуаттылығы 3 млн көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды