«Заң мен тәртіп»: Елордада кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы дәріс өтті
20 сәуір, 2026
Фото: Астана қаласының «Есіл» ауданы прокуратурасы
Астана қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасымен «Заң мен тәртіп» принципі аясында №24 орта мектептің 260-тан астам оқушыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбы бойынша дәріс өткізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мен құқық бұзушылықтардың, атап айтқанда, есірткі қылмыстың, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің болдырмауы және сталкинг, өзге құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты сұрақтарды талқылау аталған іс-шараның мақсаты болып табылады.

Сонымен қатар дәріс барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес жауап алды.

Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылық пен тәрбиені қалыптастыру аудан прокуратурасының бақылауында.
Ұқсас жаңалықтар