Қырғызстан Президенті өз резиденциясында Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды
22 тамыз, 2025
Фото: akorda.kz
«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қырғыз Республикасына ресми сапармен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Президенттер бір бірімен амандасқаннан кейін екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров сап түзеген сарбаздардың алдынан жүріп өтті.


Бұдан кейін мемлекеттер басшылары ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз залына барды.

Ұқсас жаңалықтар
2 мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Польша Президенті мен Премьер-министріне ризашылық білдірді
30 сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Швеция Королін мерейтойымен құттықтады
30 сәуір, 2026
Президент Ресейдің Сыртқы істер министрін қабылдады
30 сәуір, 2026
Тоқаев Халықаралық кинология федерациясының президентін қабылдады