Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Триатлоннан Қазақстан құрамасы Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды
Фото: Қазақстанның триатлон федерациясы

Субик-Бейде (Филиппин) триатлоннан Азия Кубогының ересектер және 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы кезеңі өтті. Қазақстан құрамасы жарыста төрт медаль жеңіп алды, оның екеуі алтын, екеуі күміс, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қазақстанның триатлон федерациясына сілтеме жасап.

Ересектер арасындағы жарыста алматылық Дарын Қонысбаев жоғары нәтиже көрсетіп, мәре сызығын екінші болып кесіп, күміс жүлдегер атанды.

Ересектер:

1. Лиам Донелли (Канада)
2. Дарын Қонысбаев (Алматы)
3. Такуто Ошима (Жапония)

Жасөспірімдер:

Рамазан Айнегов пен Алуа Нұрмұхамбет өз жарысында алтын медаль жеңіп алып, сенімді көшбасшылық танытты. Калерия Шнейдер күміс жүлдегер атанды.

Ұлдар:

1. Рамазан Айнегов (Астана)
2. Купер Смельдерс (Австралия)
3. Тэйл Джун (Корея)

Қыздар:

1. Алуа Нұрмұхамбет (Астана)
2. Калерия Шнейдер (Шымкент)
3. Аниша Луис Кануя (Филиппин)

Қосымша жетістік ретінде Рамазан Айнеговке 2026 жылғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарында ел намысын қорғау құқығы берілді.

World Triathlon ұйымының мәліметінше, бұл шешім арқылы Қазақстандағы жастар триатлонын жүйелі дамуын мойындады. Олимпиада ойындары Дакарда өтеді, оған әлемнің ең мықты жас спортшылары жиналады.